Күзгі орақ науқаны жалғасуда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл  облыста 4,5 млн. гектар жерге дән сіңірілген.  Оның 3,4 млн. гектары – дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 685,8 мың гектары – майлы дақылдар, 28 мың гектары –  картоп, 5,5 мың гектары басқа көкөністер, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Әртараптандыру шеңберінде жасымық пен күнбағыстың алқаптары ұлғайтылған. 2022 жылы жасымық 66,3 мың гектарға егілсе, биылғы алқап 115,3 мың гектарды құрайды. Күнбағыс та былтырғыға қарағанда 22 мың гектарға көп.

Бүгінгі таңда дәнді дақылдар 645 мың гектар жерден жиналып, 770,8 мың тонна астық қамбаға құйылды. Бұл – жалпы алқаптың 19 пайызы. Егінді жинау ісінде Жамбыл, Уәлиханов және Есіл аудандарының диқаншылары алда келеді.

Биылғы астық жинау науқанына әртүрлі модификациядағы 13,1 мың трактор, 7,5 мың комбайн,  4,6 мың дестелегіш, 1,7 мың бүріккіш, 1,0 мың шөп шапқыш трактор және 5,8 мың жүк автомобилі жұмылдырылуда. Жыл басынан бері шаруашылықтар 43,3 млрд. теңгеге 1 660 бірлік заманауи техника сатып алған. Биыл да дихандарға  арзандатылған дизель отыны бөлінді. Қажетті мөлшер – 58,9 мың тоннаны құраған. Бір литрінің бағасы – 250 теңге.

— Облыс бойынша астық қоймаларының жалпы сыйымдылығы – 6,8 млн. тонна, оның 3,2 млн. тоннасын лицензияланған 48 астық қабылдау кәсіпорны, 3,6 млн. тоннасын агроқұрылымдардың өз қоймалары қабылдайды. Биыл сыйымдылығы 22 мың тоннаны құрайтын үш жаңа қойма салынып жатқанын да айта кеткеніміз жөн. Ауыл шаруашылығы саласын қолдауға биыл мемлекеттік қордан 63,1 млрд. теңге бөлінді. Өсімдік шаруашылығын дамытуға – 19,6 млрд., мал шаруашылығына – 9,6 млрд., басқа бағыттарға – 33,9 млрд. теңге бағытталды, — дейді облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев.

Спикердің айтуынша, форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша 8,0 млрд. теңгеге 44 өтінім берілген. «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» акционерлік қоғамы  астықты қабылдау және сақтау үшін 23 уәкілетті астық қабылдау кәсіпорнымен шарт жасасқан.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz