Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтыр 3,2%-ға жеткен

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанның 2022 жылғы жалпы ішкі өнімі 103,7 трлн. теңге болды. ЖІӨ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 3,2%-ға өсті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Бұл ретте 2022 жылға арналған ЖІӨ құрылымында Алматы қаласы ең үлкен үлесті алады – 18,5%, одан кейін Атырау облысы – 13,2%, елорда 10,3% көрсеткішпен үздік үштікті түйіндеп тұр. ЖІӨ-дегі ең аз үлес Жетісу өңірінде – 1,4%.

Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2022 жылы 5 284,7 мың теңге болды. Өңірлер бойынша жетекші орындарды Атырау облысы (19 974,1 мың теңге), Алматы қаласы (8 985,6 мың теңге) және Астана (8 053,9 мың теңге) алады.

Соңғы орындарда Жамбыл облысы (2212,2 мың теңге), Жетісу (2042,1 мың теңге) және Түркістан облысы (1671,8 мың теңге) тұр.

Статистиктердің мәліметінше, ЖӨӨ өсімінің жоғары қарқыны Ақмола облысында (7,7%), Шымкентте (6,8%) және Солтүстік Қазақстан облысында (5,6%) байқалады. Бұл ретте 2022 жылы ЖІӨ-дегі байқалмаған экономиканың үлесі 18,78% болды және өткен жылмен салыстырғанда 0,97% төмендеді.

— Жалпы өңірлік өнімдегі бақыланбайтын экономиканың ең үлкен үлесі Түркістан (33,93%), Жетіс (32,00%) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (24,07%), ең азы Маңғыстау (12,97%), Ұлытау (12,97%) және Атырау (11,19%) облыстарында байқалады, — делінген хабарламада.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz