265
Елімізде резидентураға жыл сайын бөлінетін гранттар саны 70% өсті, Бұл туралы Қазақстан үкіметі хабарлады, деп жазады Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында үш жыл ішінде резидентурада оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы саны 70% артатынын айтқан еді. Осылайша 2023 жылы гранттар саны 70% – 1500-ден 2500-ге дейін өсті, — делінген хабарламада.
Мамандар жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша дайындалады, оның ішінде негізгілері:
- Акушерлік және гинекология – 214
- Анестезиология және реаниматология – 200
- Неонатология – 119
- Терапия – 115
- Жалпы хирургия – 98
- Неврология – 92
- Психиатрия – 88
- Оториноларингология – 83
- Кардиология – 78
- Офтальмология – 66
- Жұқпалы аурулар – 63
- Травматология-ортопедия – 62
- Эндокринология – 55
- Қалғандары – 1167