Жеңгетайлықпен айналысты деген күдікпен сауна қызметкері тергеліп жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстағы саунаның біріндегі әкімші клиенттерге қосымша қызмет ұсынып, жеңіл жүрісті қыздармен қамтамасыз етіп отырған. Күдіктіге қатысты тергеп-тексеру жүріп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдеріне облыс орталығындағы сауналардың бірінің әкімшісінің жеңгетайлыққа қатысы бар болуы мүмкін деген жедел ақпарат келіп түскен. Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде жедел уәкілдер саунаның 48 жастағы әкімшісінің тарапынан болған жеңгетайлық фактісін анықтады.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 1-бөлігі «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

— Сауна әкімшісі мекеме клиенттеріне интимдік қызмет көрсетуге ақшалай сыйақы үшін жеңіл жүрісті қызды шақырған. Бойжеткен алған сыйақысының бір бөлігін шақырғаны үшін әкімшіге берген. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК 309-бабының санкциясына сәйкес жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық үшін мүлiкті тәркiлеу және бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, — дейді СҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының міндетін атқарушы Рахат Нұрахметов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz