СҚО-да екі құс фабрикасына 9,2 млн. теңге айыппұл салынды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында бағаны келісе отырып негізсіз қымбаттатқан екі құс фабрикасы жазаланды, сот шешімімен кәсіпорындарға жалпы сомасы 9,2 млн. теңге айыппұлы салынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде монополияға қарсы орган өткен жарты жылдықтағы жұмысын қорытындылады. ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің СҚО бойынша департамент басшысының орынбасары Аслан Әліппаевтың айтуынша, осы аралықта құс фабрикаларына қатысты екі тергеуді аяқтады. Олар тауық жұмыртқасының көтерме бағасын келісіммен негізсіз көтерген.

Сот шешімімен екі кәсіпорын жауапкершілікке тартылып, 9,2 млн. теңге айыппұл салынды, бұл ақша толық көлемде бюджетке түсті. Өткен жылдың мамыр айында сот шешімімен бұл екі құс фабрикасы бағаны көтергені үшін айыппұл төледі. Ол ескеріліп, салынған айыппұл көлеміне әсер етті.

Сондай-ақ құс фабрикалары заң бұзушылықтарды жою бойынша нұсқамаларды орындап, жұмыртқаның бағасын «Адель Құс» ЖШС орта есеппен 20%, «Алекри Фирма» ЖШС 15% арзандады.

— Бұдан басқа, заң бұзушылық белгілерінің бар екендігі туралы хабарламаның орындалмауына байланысты биылғы тамыз айында департамент күрішті көтерме саудада өткізетін ірі жеткізушіге қатысты тергеп-тексеруді бастады.

2021 жылы және 2022 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында кәсіпкер өзінің нарықтағы үстем жағдайын пайдаланып, күрішке әртүрлі көтерме бағаны негізсіз қолданған. Кейін жіберілген хабарламаға жауап беріп, күріш бағасын төмендеткенін және бұдан былай бір бағамен сатылатынын айтқан.

Алайда өткен жылдың қазан-желтоқсан айлары және осы жылдың 1 жартыжылдығында күрішке талдау жүргізу кезінде, тауарға әртүрлі баға қолдану тәжірибесі тоқтатылмағаны анықталды, — дейді Аслан Әліппаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz