Биыл жыл басынан бері барлығы 303,3 мыңнан астам жас азамат жұмысқа орналастырылды: ҚР Президентінің «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасын жүзеге асыру барысында – 142,9 мың адам, ұлттық жобаларды іске асыру кезінде – 80,9 мың адам, бос жұмыс орындарына – 79,5 мың адам.
Бұдан басқа Қазақстанда 5 жылға дейінгі мерзімге мөлшерлемесі 2,5%-дан аспайтын шағын несие беру арқылы жастардың кәсіпкерлік бастамасына қолдау көрсетіледі. 2023-2025 жылдары барлығы 90,5 млрд теңге сомасына 18,2 мың шағын несие беру қарастырылған. Атап айтқанда, 2023 жылы – 28,9 млрд теңгеге 5,8 мың, 2024 жылы – 30,3 млрд теңгеге 6,1 мың, 2025 жылы – 31,3 млрд теңгеге 6,3 мың шағын несие. Жыл басынан бері 12,9 млрд теңге сомасына 2 915 шағын несие берілді.