Үш күн ішінде 33 қылмыс тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс полицейлері “Құқықтық тәртіп” үш күндік жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

“Құқықтық тәртіптің” іс-шарасының мақсаты – өңір тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мереке және демалыс күндері қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін нығайту.

Шараға қалалық және облыстық полицияның барлық жетекші бөлімшелері мен қызметтерінің жеке құрамы жұмылдырылды. Нәтижесінде облыста үш күн ішінде 33 қылмыс тіркелді, оның 27-сі кезекші тәулік ішінде ашылды. 1065 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Үш күннің ішінде елімізде тұру ережелерін бұзу бойынша 238 факт тіркелді. Алкогольді ішімдіктерді ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болудың 208 фактісі анықталды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе үйден тыс жерде жүрудің 79 дерегі белгілі болды. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттердің 42 фактісі бойынша шара қабылданды, сондай-ақ ұсақ бұзақылық үшін 71 хаттама жасалды.

– “Құқықтық тәртіп” ЖПІШ аясында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге ерекше назар аударылуда. Облыс жолдарында жаяу жүргіншілер тарапынан 163 жол қозғалысы ережесін бұзу, жылдамдықты асырудың 116 фактісі, жаяу жүргіншілер өткелдерінің өтуін бұзудың 24 фактісі тіркелді. Сондай-ақ көлік құралдарын басқарған, бұрын басқару құқығынан айырылған 5 адам және мас күйінде көлік жүргізген 13 жүргізуші ұсталды, – деді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz