Жедел жәрдем қызметкерлерінің ерлігі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда жедел жәрдем қызметкерлері клиникалық өлімге ұшыраған ер адамның өмірі үшін 20 минутқа жуық уақыт күресіп, аман алып қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық Жедел медициналық көмек көрсету орталығының директоры Юрий Белоногтың айтуынша, шақырту сағат кешкі 19:52 минутта түскен. Жедел жәрдем қызметінің бригадасы оқиға орнына бес минутта жетті, медицина қызметкерлері келген кезде ер адам ес-түссіз жатқан. Дәрігерлер зардап шегушіге клиникалық өлім диагнозын қойды.

Қарындасының айтуынша, 31 жастағы ер адамды 220 Вт электр тогы соққан. Жедел жәрдем қызметі келгенше дейін 8 минут жатып қалған екен.

— Электр тогы соққанда дәрігерлер ең алдымен қауіпсіздікті естен шығармай, токтан ажыратылғандығына көз жеткізуі керек. Тек осыдан кейін ғана тез арада реанимациялық іс-шараларды бастайды. Бұл жолы да ACLS стандарты бойынша жүрек-өкпе жұмысын қалпына келтіру үшін жүрекке массаж, өкпені жасанды желдету, дефибрилляция және кеңірдекке интубация жасалды. Тек реанимацияның төртінші кезеңінде ғана науқастың беті бері қарады, — дейді Юрий Белоног.

Сағат 20:23-те медицина қызметкерлері клиникалық өлімнен кейін тірілген ер адамды Петропавл қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізді.

— Кеше сырқат жансақтау бөлімшесінен шығарылды. Есін біледі. Фельдшерлер биыл ақпан айында халықаралық мамандардың жетекшілігімен жедел жәрдем қызметінің халықаралық стандарттары бойынша білімін жетілдірді. Көлік жүргізушісінің базалық реанимация бойынша сертификаты бар. Біз бір орында тоқтап тұрған жоқпыз, сапалы медициналық көмек көрсету үшін үнемі білім жетілдіріп отырамыз, — дейді орталық директоры.

СҚО Жедел медициналық көмек көрсету орталығы жылына 180 мың шақыртуды қабылдайды. Ал оң реанимация көрсеткіші 62%-ға жетті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz