«Береке» шағынауданындағы жаңа емхананы пайдалануға беру мерзімі қайта ұзартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте Петропавлдағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың құрылысы сөз болды.
— Үш жыл үй бойы тұрғын үйлерде тапсыра алмай жүрміз. Оның бірден-бір себебі — инженерлік коммуникациялық желілердің уақытында тартылмауы. Кейбір ғимараттар маусымның 15-сі күні пайдалануға берілуі тиіс еді. Құрылысты қадағалайтын комиссия қайда қарап отыр? «Берекедегі» алты үйдің мердігерлермен келісімшарттарды бұздық. Қашан тұрғындар өз қоныстарына жайғаса алады? — деді өңір басшысы.
Құрылыс басқармасының басшысы Қайрола Галеевтің айтуынша, ведомство арқылы өтетін барлық нысандар 1 қыркүйекке дейін тапсырылуы тиіс еді.
— Егер құрылыс жұмыстар 25 қыркүйекке дейін аяқталмаса, бір ай ішінде жосықсыз деп тану туралы талап арыз береміз. Емханаға келетін болсақ, мердігер нысанды аяқтау үшін шартты 20 қазанға дейін ұзартты. Несиелік үйлерді салу, абаттандыру және инженерлік коммуникациялар мерзім 15 қыркүйекке дейін белгіленген. Қазір мердігерлер жұмыс істеп жатыр, — деді Қайролла Ғалеев.
Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев үйлердің мерзімі 15 қыркүйекке дейін екенін растады. Содан кейін олар шара қолданатынын айтты.
— Биыл біз барлық жеті денсаулық сақтау нысанын тапсыруымыз керек. Аудан әкімдері – нысандарды бақылауда ұстаңыз, ауылдық округ әкімдері күн сайын сол жерде болуы тиіс, — деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.
Айдарбек Сапаров өз орынбасарлары Марат Тасмағанбетов пен Сатжан Аблалиев аймақтағы үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысының барысын бақылауды ұстау қажеттігін айтты.
Шілде айында облыс әкімі барлық проблемалық нысандарға барды. Оның ішінде бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан 16 үй және екі шағын аудандағы емханалар бар. Нысандар бір-екі жыл бұрын тапсырылуы керек еді. Алайда, мердігерлердің жосықсыз қарым-қатынасына байланысты мерзімдер үнемі кейінге қалдырылады.