СҚО-да полицейлер IT-технологияларды қолдану арқылы жасалатын алаяқтық туралы кәсіпорындардың жұмысшыларына айтып берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Петропавл қаласы полиция басқармасының құрамындағы Екінші полиция бөлімі қызметкерлерінің бастамасымен “Есіл су” кәсіпорны филиалының ұжымымен кездесу өткізілді. Интернет-алаяқтықтың алдын алуға арналған кездесуді екінші полиция бөлімінің бастығы мен учаскелік полиция инспекторлары жүргізді. О
ндаған криминалдық схема, психологиялық әдістер мен алгоритмдер. Алаяқтар телефонға қоңырау шалып, мессенджерлерде хабарламалар жазады және сайттарда хабарландырулар орналастырады. Бұл – алаяқтардың ақшаны тартып алу үшін жүргізетін айла-тәсілдері. Олар арам ойларын күн сайын іске асырып, адамдарды сан соқтырады. Сондықтан ақшаларынан айырылған тұрғындар полицияға арызбен жиі жүгінеді екен. Қылмыскерлерді анықтаумен байланысты жедел-іздестіру іс-шараларынан бөлек, полицейлер осы қылмыс түрінің алдын алу бойынша шараларды белсенді жүргізіп келеді. Алдын алу жұмыстарының негізгі мақсаты – тұрғындардың алаяқтарға қарсы тұрып, қу әрекеттеріне төтеп беруге үйрету. Күмәнді қоңыраулар келіп түскен жағдайда банктің Call-орталығына немесе “102” арнасына хабарласу қажет.
Екінші полиция бөлімінің бастығы Талғат Смағұловтың айтуынша, қаладағы кәсіпорындардың ұжымдарымен және шағын аудандардың тұрғындарымен осындай кездесулер апта сайын өткізіліп тұрады екен. Жедел уәкілдер мен учаскелік инспекторлар интернет-алаяқтықтың белең алуы пандемия мен қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың нәтижесінде пайда болғанын айтуда. Ең дұрыс амалдар – қаржымен байланысты асығыс шешім қабылдамау, жеке деректерді ешкімге айтпау, алаяқтардың сөздерін банктің Call-орталығы арқылы тексеру.
– Интернет-алаяқтықтың қаупі туралы көршілеріңізге, жақындарыңыз бен туыстарыңыз айтуларыңызды сұраймыз, – дейді Талғат Смағұлов.
Жуырда Екінші полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары осындай кездесулердің бірін мұнай өнімдерін құбыр арқылы тасымалдауды жүзеге асыратын “Петропавл” желілік өндірістік-диспетчерлік бекетінің ұжымымен де өткізді. Жыл басынан өңірде интернет-алаяқтықпен байланысты 442 қылмыстық іс тіркелген. Оның 348-і – Петропавл қаласында тіркелген.