Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Ильдар Исмагулов кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат тілшісі.
Ильдар Исмагулов Астана қаласында туған, 35 жаста.
Төрт жоғары білімі бар: «экономика және бизнес», «юриспруденция», «іскерлік әкімшілік магитрі» және «агрономия» маманы.
Еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық әкімі аппаратында ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінде маман ретінде бастаған.
2010-2017 жылдар аралығында квазимемлекеттік секторда жұмыс істеді.
2017 жылдан 2019 жылға дейін «Қазақстан қаржы-өнеркәсіптік холдинг» ЖШС-де атқарушы директор, басқарма төрағасы лауазымдарын атқарды.
2019-2022 жылдары «Ұлттық аграрлы ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ корпоративтік хатшы, басқарушы директор болды.
Осы тағайындауға дейін СҚО әкімдігінің қаржы басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек етті.