Ғабит Садырбеков Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Бас прокурорының орынбасары болып Ғабит Садырбеков тағайындалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

— Мемлекет басшысының өкімімен Ғабит Амангелдіұлы Садырбеков Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген Ақорда хабарламасында.

Ғабит Садырбеков 1978 жылғы 3 маусымда Ақмола облысында туған. Білімі жоғары: 1994-1999 жж. — Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті.

Еңбек өтілі:

  • 2001-2017 жж. – прокуратура органдарындағы қызмет.
  • 2017-2020 жж. – банк саласындағы қызмет.
  • 2020-2021 жж. – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі.
  • 2021 жылғы 2 наурыздан 2022 жылғы 8 қаңтарға дейін – ҚР Қаржы мониторингі агенттігі аппаратының басшысы.
  • 2022 жылғы 8 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін – ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz