Алтынбек Аусағитов — Әлем кубогының иегері

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жетісу облысының Үштөбе қаласында қазақ күресінен әлем кубогы өтті. Жарыс көрнекті жазушы, қазақ детективінің негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына орайластырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Байрақты бәсекеде ел намысын 100 килограмм салмақ дәрежесінде «Қызылжар арландары» клубының мүшесі, солтүстікқазақстандық балуан Алтынбек Аусағитов қорғады. Жерлесіміз барлық қарсыластарының алдын орап, алтыннан алқа тағынды.

– Әлем кубогында 4 кездесу өткіздім. Бірінші белдесуде Моңғолия елінің балуаны қарсылас атанды. Кейін тәжікстандық спортшымен күрестім. Жартылай финалда қырғызстандықты ұттым. Финалда Өзбекстан құрамасының өкілін уақытынан бұрын жеңіп, бірінші орынды иелендім. Бұл белдесу төрт минутқа созылды, – дейді Алтынбек Аусағитов.

whatsapp image 2023 09 04 at 12.15.30 e1693809252557

Алтынбек енді қазан айында Түркістан қаласында өтетін Азия кубогына қатысады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz