Әскери академияның 176 курсанты ант берді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл Петропавлдағы ҚР Ұлттық ұланы академиясына 176 жас оқуға қабылданды. Жоғары әскери білім ошағының курсанттары қаладағы орталық алаңда Отанға адам қызмет етуге ант берді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Салтанатты шараға Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов, облыс әкімі аппаратының басшысы Олжас Ыдырысов, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Татваев, өңірдің күш құрылымдарының бірінші басшылары, ардагерлері мен курсанттардың ата-аналары қатысты.

— Отанға қызмет ету әрбір ер азаматтың парызы. Бұл абыройлы міндетті курсанттар адал атқаратынына сенімдімін. Сіздерге әскери қызметке түскелі жатқан қадамдарыңыз құтты болсын. Болашақта ел сенімін ақтар офицер болатыныңызға сенімдімін, — деді облыс әкімі аппаратының жетекшісі Олжас Ыдырысов.

whatsapp image 2023 09 02 at 16.25.14 1whatsapp image 2023 09 02 at 16.25.14 2

Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясы құрылғалы 4000-нан астам офицерді шығарып, олар еліміздің күш құрылымдарына жіберді. Бүгіндері жоғары әскери оқу орны білікті кадрларды көрші Ресей мен Тәжікстан елдеріне де дайындауда. Биыл  академия магистратура бағдарламасы бойынша білім беруді қолға алды.

whatsapp image 2023 09 02 at 16.25.15whatsapp image 2023 09 02 at 16.25.14 3

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz