«Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қанат Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (экономист) бітірген.
1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімінің көмекшісі болды.
2001-2007 жылдары – «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті.
2009-2013 жылдары – Жамбыл облысының әкімі.
2013-2016 жылдары – Павлодар облысының әкімі.
2019-2021 жылдары Қазақстан президентінің көмекшісі болды.
2021-2022 жылдары – Алматы облысының әкімі.