Ресейдің Красноярск қаласында олимпиада чемпионы Алексей Шумаков атындағы грек-рим күресінен халықаралық турнир өтті. Жарысқа Қазақстан мен Ресей елдерінің балуандары қатысып, жерлесіміз Аманғали Бекболатов бірінші орынды қанжығасына байлады, деп Qyzyljarnews.kz тілшісі.
55 килограмм салмақ дәрежесінде солтүстікқазақстандық спортшы боз кілемге үш мәрте шығып, әр кездесуде қарсыластарынан басым түсіп жатты. Бірінші айқаста Аманғали Бекболатов Ресейдің Алтай өңірінен келген балуамен белдесті. Екінші айналымда жерлесіміз тағы бір ресейлік Мамед Ибрагимовты қапы қалдырды. Екі жекпе-жек те 9:0 есебімен аяқталды.
Ақтық сында Аманғали кабардиндік балуанмен күресіп, 7:1 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде қызылжарлық спортшы алтын медальға қол жеткізді.