СҚО-ға «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы келді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңірімізге жұмыс сапарымен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев келді. Елордалық мейман Петропавлдағы есту қабілеті бұзылған балаларға арналған балабақша-мектеп-интернат арнайы кешеніне ат басын бұрып, қайырымдылық қоры сыйға тартқан құрылғыларды көрді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл «Қазақстан халқына» қоры аталмыш білім мекемесіне сурдотехникалық жабдықтар («Зерде», «Дельфа» қазақ және орыс тілдеріндегі сурдологиялық жаттықтырғыштар, «Унитон» жоғары технологиялық аудио сыныбы), DIGITOUCH оқу-тәрбие жұмысына арналған интерактивті панель, заманауи жиһаз сатып алып берген болатын.
Бұл жабдықтар естімейтін және нашар еститін оқушылардың есту, сөйлеу қабілеттерін барынша дамытуға, интерактивті оқытуды жүзеге асыруға, жаттығуларды бірнеше рет қайталап жасауға мүмкіндік береді.

Білім мекемесін аралаған Болат Жәмішев заманауи жабдықтар мүмкіндігі шектеулі өрендерді жан-жақты дамытуға арналғанын атап өтті.

Шарада ата-аналар мен ұстаздар қауымы көрсеткен қолдауы үшін «Қазақстан халқына» қорына алғыстарын білдірді. Білім беру мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Г.Қайырлыбайқызы қор басшысына өзінің оқушылары әзірлеген Алғыс хатты тапсырды. Оқушылармен және олардың ұстаздарымен тілдескен Болат Бидахметұлы алдағы уақытта да түрлі қолдау жұмыстарының жалғасатынын тілге тиек етті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz