Жергілікті билік өкілдері бұл уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарау қажеттігін алға тартуда.
— Жолдарды жөндеуге байланысты ескі суағарларды алып, жаңасын салып жатырмыз. Жұмыстың 80 пайызы аяқталды. Бірақ ол орталықтандырылған инженерлік желілерге қосылмаған. Горький көшесіндегі суағар автономды режімде тұрған болатын. Сондықтан су құбырдан сыртқа шықты. Аталған жұмысты қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, — дейді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.