СҚО халқының орта жасы 38-ден асады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан тұрғындарының орташа жасы туралы ақпаратты жариялап, елдің «ең жас» және «үлкен жасты» аймақтарын атады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Мемлекеттік статистика агенттігінің мәліметінше, 2023 жылдың басындағы жағдай бойынша қазақстандықтардың орташа жасы 32,1 жас болды. Кейінгі бес жылда елдің орта жастағы тұрғыны біршама қартайды.

— Жыл басында ерлердің орташа жасы 30,5 жас, әйелдердікі 33,7 жас болды. Қала тұрғындарының орташа жасы ауыл тұрғындарынан жоғары: тиісінше 32,6 және 31,5 жас, — деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Қазақстанның «үлкен жасты» аймағы – Солтүстік Қазақстан. Онда тұрғындардың орташа жасы 38,9 жас болды. «ең жас» өңірлер – Маңғыстау және Түркістан облыстары. Онда халықтың орташа жасы небәрі 27,6 жас болды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан әлемдегі «ең жас» елдердің бірі екенін, 2023 жылдың соңына қарай республика халқының саны 20 миллион адамға жететінін айтқан еді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz