Мемлекеттік статистика агенттігінің мәліметінше, 2023 жылдың басындағы жағдай бойынша қазақстандықтардың орташа жасы 32,1 жас болды. Кейінгі бес жылда елдің орта жастағы тұрғыны біршама қартайды.
— Жыл басында ерлердің орташа жасы 30,5 жас, әйелдердікі 33,7 жас болды. Қала тұрғындарының орташа жасы ауыл тұрғындарынан жоғары: тиісінше 32,6 және 31,5 жас, — деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан әлемдегі «ең жас» елдердің бірі екенін, 2023 жылдың соңына қарай республика халқының саны 20 миллион адамға жететінін айтқан еді.