Жауын-шашынның салдары

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Петропавлда жаңбыр айлық нормадан артық жауған. Салдарынан жаңбыр суы тұрғын үйлердің подъездеріне дейін кірді. Сондай-ақ кейбір баспаналар жарықсыз қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Петропавлда көпқабатты тұрғын үйлер жауыннан кейін жарықсыз қалды.  «Жас Өркен» шағынауданындағы баспаналардың кейбірі  су астында қалды. Ауладағы кәріз құбыры суға толып, тіпті коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері жаңбыр суын арнайы қондырғылармен  сорып үлгере алмай жатты.
— Нөсер бәрімізді әбігерге салды. Жарықсыз отырмыз. Түгел подъездегі электр желісі күйген сияқты. Дер кезінде көмек көрсеткенде мұндай мәселе туындамас еді деп ойлаймын. Апаттық құтқару қызметін де шақырдық, — дейді қала тұрғыны Людмила Божко.

Жергілікті билік өкілдері бұл уақытша келеңсіздіктерге түсіністікпен қарау қажеттігін алға тартуда.

— Жолдарды жөндеуге байланысты ескі суағарларды алып, жаңасын салып жатырмыз. Жұмыстың  80 пайызы аяқталды. Бірақ ол орталықтандырылған инженерлік желілерге қосылмаған. Горький көшесіндегі суағар автономды режімде тұрған болатын. Сондықтан су құбырдан сыртқа шықты. Аталған жұмысты қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, — дейді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz