Прокурорлардың көмегі тиді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қалалық прокуратураның мамандары петропавлдық кәсіпкерге көмекке келді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Автосалон ашқысы келген кәсіпкер үш ай бойы қажетті құжаттарын жинай алмай әлек болды. Кейін бизнесмен СҚО прокуратурасының фронт-офисіне өтініш қалдырды. Қалалықтың мәселесін шешуге прокурорлар көмектесті.

Белгілі болғандай, кәсіпкер қала аумағында құны 1,5 миллиард теңге болатын мультибрендтік автосалон салуды көздеген. Алайда сәулет-жоспарлау тапсырмасын алуда қиыншылықтарға тап болған. Жергілікті атқарушы орган өкілдері 3 айдан астам уақыт бойы кәсіпкерге жобалық-сметалық құжатын әзірлеу рәсімін кешіктірген.

— Прокуратура органдары мен «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ-ның өкілдерінің араласуымен «Тобыл Моторс» ЖШС-қа құжат  берілді. Өз кезегінде, кәсіпкерге автосалон салуға кірісуге және одан әрі инвестициялық жобалардың республикалық пулына кіруге мүмкіндік берді, – делінген облыстық прокуратураның таратқан мәліметінде.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz