Шайбалы хоккейден жастар командалары арасында ел кубогының ойындары басталды. «В» тобындағы клубтардың матчтары Петропавлдағы Спорт сарайында өтіп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қыркүйектің 2-сі күні бастау алған ел кубогының бірінші ойынында жерлестеріміз Рудный қаласының «Горняк» командасынан 8:3 есебімен басым түсті. Кейін солтүстікқазақстандық хоккейшілер көкшетаулық «Арланға» 3:4 есебімен есе жіберді.
Бүгін жерлестеріміз сағат 19:00-де өскемендік «Торпедоға» қарсы ойын өткізеді. Әзірге «Құлагер» жастары турнир кестесінде 2-ші орында келе жатыр.