Қазақстан халқы тілдері күнінде облыс тұрғындары диктант жазды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қыркүйектің 5-сі Қазақстан халқы тілдері күніне орай ел көлемінде бір уақытта қазақ тілінде диктант жазылды. Облыс орталығында бұл шара Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавлда диктантты «Қоғамдық келісім» ұйымының мүшелері, облыстық жастар ресурстық орталығының өкілдері, колледж студенттері мен оқытушылар жазды.

Биылғы диктант «Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» тақырыбында жазылды. Шараға қатысушылар 200 сөзге шақталған мәтінде атақты жерлесіміз, ақынның өмірбаяны туралы болды.

– Қатысушыларға диктанттың мәтіні үш мәрте оқылды. Біріншісінде тыңдаушылар Мағжан Жұмабаевтың өмірбаянын мұқият тыңдауға мүмкіндік берілді. Кейін оқытушы оқи тұрып, шараға келгендер тексті қағаз бетіне түсіре бастады. Үшіншісінде мәтін қайта оқылып, барлықтары қателіктермен жұмыс істеді, – дейді облыстық тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Орал Жанатов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz