ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша, қазірдің өзінде берешегі 435 млн теңгені құрайтын (кредиттік бюроның мәліметі бойынша) 309 адам банкрот деп танылды.
Аталған азаматтарға 14-14 қызметі бойынша sms-хабарлама арқылы соттан тыс банкроттық рәсімінің аяқталғаны және банкрот деп танылуы туралы хабарлама келіп түсті, сондай-ақ олар туралы ақпарат e-gov порталында орналастырылды.
— Банкрот деп танылған азаматтардың 22-сі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы болса, 232-сі бес жылдан астам несие қарыздарын өтей алмай жүргендер, — Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның нақыталуынша, банкрот деп танылған тұлғалардың орташа жасы – 40 жас. Бүгінде банкротқа ұшырағандардың ең жасы 1 миллион теңгеден астам қарызы бар Қызылорда облысының тұрғыны, ол 23 жаста. Ал ең қарт банкрот болған азамат Маңғыстау облысының 65 жастағы тұрғыны болды, оның 3 миллион теңгеден астам қарызы есептен шығарылады.
Бұл азаматтар ауыр қарыздан құтылды.
Дегенмен, Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, бұл рәсімнің келесі салдары бар – бес жыл ішінде жаңа несие алуға тыйым салынған және мұндай азаматтардың үстінен үш жыл бойы қаржылық мониторинг жүргізіледі.