«Мектепке жол» акциясы аясында 10 оқушыға көмек көрсетілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Солтүстік » ӘКК» АҚ «Мектепке жол» акциясы аясында бірінші сыныпқа баратын балаларды кеңсе тауарларын қамтамасыз етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүлдіршіндерге көмек көрсету туралы ұсынысты корпорацияға жастар ресурстық орталығының мамандары жасаған. Олар 10 баланың тізімін берген.   Оның үшеуі Петропавл қаласының тұрғындары екен. Осылайша, мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы жалпы 400 мың теңгеден астам ақшаға кеңсе тауралары алынып, оқушыларға табысталды.

— Бұған дейін көктемде «Солтүстік» ӘКК » АҚ-ға «Spina Bifida қоғамы» қоғамдық қорының өкілдері Жезқазғанда тұратын кішкентай қызға көмектесуді өтінген болатын. Ерекше туған қызды әжесі жалғыз бағып отыр. Әлеуметтік желілер арқылы қоғам мүшелері 130 мың теңге жинаған. Ал мүгедектерге арналған арнайы арба құны 2 миллион теңге тұрады екен. «Солтүстік» ӘКК» АҚ Басқарма отырысында жезқазғандық балақайға 500 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсету туралы шешім қабылданды. Ақша қордың шотына аударылды, – деп хабарлайды «Солтүстік» ӘКК» АҚ өкілдері.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz