Шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің 31%-ы – әйелдер

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Статистика бойынша, Қазақстанда шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің 31%-ы немесе 1 миллионы – әйелдер. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Халықаралық зерттеулер бойынша, әйелдердің экономикаға қатысуы 2025 жылға қарай жыл сайынғы әлемдік ЖІӨ-нің 28 трлн АҚШ долларына өсуіне әкелуі мүмкін.

Кәсіпкер әйелдер көбіне ел мен қоғамның дамуына елеулі үлес қосатын, әлеуметтік салалар бойынша бизнес бастап, соны дамытады. Олар: білім беру, оқыту, балаларды тәрбиелеу, тамақ өнімдерін өндіру және тағы басқа салалар.

Осы орайда қазан айында Қазақстанда бизнес-тренерлер қауымдастығымен бірлесіп Imperial College London (Ұлыбритания) әзірлеген «TalpynUp» әйел кәсіпкерлерге арналған тәлімгерлік бағдарламасы болмақ.

— Бұл әйелдерге өздерінің бизнес дағдысын және бизнесінің жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін 6 айлық бағдарлама, — деді Бизнес тренерлер қауымдастығының басшысы Әйгерім Тарбағатаева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz