СҚО-да көлікті мас күйде тізгіндеген 10 жүргізуші ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыс полицейлері екі күннің ішінде 10 мас жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Қыркүйектің 5-нен бастап облыс аумағында «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда тәртіп сақшылары мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ Урал мотоциклін тоқтатты. Тексеру барысында оны басқарған 48 жастағы жергілікті тұрғынның жүргізуші куәлігі болмай шықты. Ол рөлге мас күйде отырған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 6-бөлігі бойынша жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұдан бөлек, ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады.

– Жыл басынан облыс жолдарында мас жүргізушілердің кінәсінен 15 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 4 адам қаза тапты, 23 адам жарақаттанды. Осындай фактілерді анықтау жұмыстарын полиция қызметкерлері ұдайы жүргізіп тұрады. Іс-шара шеңберінде барлығы 733 құқық бұзушылық анықталды, оның 65-сінде жүргізушілер жылдамдықты асырған. 14 жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелдерінде адамдарға жол бермеген. Жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырамыз, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz