Елімізде жаңа медаль бекітілді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Патриоттық танытқан және белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленген қазақстандықтарды награттауға арналған «Ел үміті медалі» енді 14-тен 35 жасқа дейінгі азаматтарға беріледі. Оқу-ағарту министрі тиісті бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— «Ел үміті медалі» — патриоттық танытқан және белсенді азаматтық ұстанымы үшін берілетін ерекшелік белгісі. «Ел үміті медалі» ерекшелік белгісін алуға 14 жастан 35 жасқа дейінгі балалар мен жастар ұсынылады, — деп жазылған министр Ғани Бейсембаев қол қойған бұйрықта.

Еске салайық, бұған дейін бұл награда «Елбасы медалі» деп аталған. Сонымен қатар оған тек 29 жасқа толмаған қазақстандықтар ұсынылатын. Енді «Ел үміті медалін» Оқу-ағарту министрлігі табыстамақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz