СҚО полицейлері абаттандыру қағидаларын бұзудың 9,5 мыңнан астам фактісін анықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыс полицейлері абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу бойынша күнделікті рейдтер өткізуді қолға алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Петропавл қаласы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары абаттандыру қағидаларын бұзудың алдын алу бойынша профилактикалық рейдтік іс-шараларды ұдайы жүргізеді. ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының санкциясына сәйкес жеке тұлғаларға ескерту беру немесе жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген. Көпқабатты үйлердің аулаларындағы үлкен қоқыстардан бөлек, қаланың кейбір аудандарында қоқысты бей-берекет лақтырудың салдарынан көлемді қоқыс үйінділері пайда болуда. Осы тақырыптағы фотосуреттер мен бейнежазбаларды қала тұрғындары әлеуметтік желілерге салып, үнемі талқылайды.

Полицейлер басқа да мүдделі ведомстволардың өкілдері сияқты осы жарияланымдарға мониторинг жүргізеді және өз құзыреті шеңберінде қажетті шараларды қабылдайды. Учаскелік инспекторлар қала тұрғындарына Instagram және Facebook-те бұл проблемаларды жариялап қана қоймай, бұл туралы полицияға тікелей хабарлауға кеңес береді.

Жыл басынан бері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша облыс полицейлері 9522 құқық бұзушылықты анықтады. Осы бағыттағы құқық бұзушылықтардың басым бөлігін қалалық полиция басқармасының қызметкерлері анықтады: 3200-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды. Профилактикалық жұмыс жалғасып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz