Қазақстан құрамасы Финляндиядан ұтылып қалды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
«Астана Арена» стадионында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Финляндия құрамалары арасында көптен күткен футбол ойыны өтті. H кіші тобының көшбасшыларының текетіресі Финляндия құрамасының жеңісімен аяқталды. Есеп: 1:0, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Стадион кісіге лық толы болғанын, билеттер екі апта бұрын түгі қалмай сатылып кеткенін баса айта кетелік.

Ойынның 6-шы минутында-ақ Бақтияр Зайнутдинов есеп ашуы мүмкін еді, алайда оның соққан добы қақпадан жоғары өтті. Одан кейін Финляндия құрамасының ең үздік бомбардирі Теэму Пууки біздің қақпамызға қарай екі рет доп соғып, қауіпті жағдай тудырды. Бірақ, Қазақстан командасының бағына қарай, оның екеуі де мүлт кетті. Сирек болса да қарсы шабуылдар ұйымдастыра білген қос команда есеп ашпастан үзіліске кетті.

Екінші таймда Оливер Антман қазақстандық команданың қорғанысынан олқылық тауып, Игорь Шацкийдің қақпасына доп салд. Осылайша Финляндия құрамасы 78-минутта сәттілікке қол жеткізді. Бұл гол осы ойында соғылған жалғыз болды әрі Финляндияға жеңіс әкелді. Сөйтіп олар H кіші тобында жалғыз көшбасшы атанды. Олардың активінде 12 ұпай бар, ал Магомед Адиевтің шәкірттері 9 ұпаймен 2-ші қатарға сырғыды.

Қазақстан келесі ойынды 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландияға қарсы өткізеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz