«ЗИКСТО» зауыты 50 вагон шығарды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«ЗИКСТО» зауытында шығарылған 50 жаңа жолаушылар вагоны «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға берілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Осыған дейін петропавлдық зауыт вагондардың алғашқы партиясын, яғни 11-ін сатқан болатын. Жақында кәсіпорын тағы 50-уін саудалап үлгерді.

«ЗИКСТО» зауытының вагондарында кондиционерлер, ауаны тазарту сүзгілері, түтін датчиктері, биодәретханалар, тамбурлардағы бейнебақылау жүйесі, ал купеде кәдімгі электр розеткаларынан басқа «USB» қосқыштары да бар. Мұндай вагондар 40 жылға дейін қызмет ете алады.

2023 жылы кәсіпорын 100-ге жуық жолаушылар вагонын жасап шығармақшы. Ал 2024 жылы бұл көрсеткішті 300-ге жеткізбек.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz