Петропавлда автогаз тапшы

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдың көлік жүргізушілері автогаз табу үшін бірнеше жанар-жағармай құю бекеттерін аралауға мәжбүр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір Петропавлдағы жанармай құю стансаларында «газ жоқ» деген хабарландыру жиі кездеседі.

–Мен қағазға «Газ жоқ» деп жазып қойдым. Себебі тұрғындарға газ жоқ екенін түсіндіруден шаршадым, – деген жанармай құю стансасының қызметкері Сергей Степанов соңғы күндері газ аз әкелінетінін айтты.

Осы мәселеге қатысты СҚО әкімдігінің энергетика және ТКШ басқармасы түсініктеме берді.

– СҚО аумағында сұйытылған мұнай газын 17 ұйым сатады. 118 АГТС бар, оның 36 – сы Петропавлда. Өңірде айына автогаз тұтыну 5500 тоннаны құрайды. Өңірге газ жеткізушілер – «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ және «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-і. Газ талондары бойынша «Серіктес трейд» ЖШС — 19 АГЗС сатады. Бүгінде бұл компанияға 252 тонна отын жөнелтілді. 10 қыркүйекте «Промгаз» ЖШС-не 250 тонна келеді деп күтілуде. «Рока» ЖШС-де еркін сатылым ашылады, 9 қыркүйекте 180 тонна келеді деп күтілуде, – дейді СҚО әкімдігінің энергетика және ТКШ басқармасы басшысының м.а. Владислав Лукин.

СҚО тұрғындары автогазды көп тұтынады. Петропавлда оның құны литріне орта есеппен 250-300 теңгені құрайды.

Сурет Zakon.kz сайтынан алынған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz