Синоптиктер демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Синоптиктер Қазақстандағы 9-11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы күндері ылғалдың мол қоры болатын солтүстік циклоны бұлтты және салқын күзгі ауа райын әкеледі. Қазақстанның барлық аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

— Республиканың батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жауады. Бұршақ жаууы да мүмкін, — делінген «Қазгидромет» РМК ақпаратында.

Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы күндіз +10+20 градусқа дейін, республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +20+30 градусқа дейін көтеріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz