Петропавлдағы СҚО мемлекеттік архиві 100 жылдығын салтанатты түрде атап өтті. Мерейтойға орай ұйымдастырылған шарада бірқатар архив қызметкері марапатталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бүгіндері облыстық архивтің қорында 4 ғасырдың тарихы баяндалған 2 млн.-ға жуық құнды құжат сақтаулы. Оның 5 пайызы электрондық нұсқаға көшірілген.
– Елімізбен бірге архив саласы да дамып келеді. Құжаттарымыз электрондық нұсқаға көшіріліп жатыр. Мұның барлығы «Мәдени мұра» және «Архив-2025» жобаларының аясында мүмкін болып отыр, — дейді СҚО мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікова.
Облыстық архивтің 14 бөлімшесі жұмыс істейді. Оның 1-і Петропавлда, қалған 13-і аудан орталықтарында орналасқан.
Қазіргі уақытта 100 жылдық тарихы бар мемлекеттік архивте 200-ге тарта маман қызмет атқаруда. Мерейлі датаға орай олардың бірқатарының еңбектері еленді.