Облыстық полиция департаментінің 5 анықтаушысы үздік деп танылды, деп Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстікқазақстандық 5 анықтаушы ҚР Ішкі істер министрлігінің наградаларымен марапатталды. «ІІ дәрежелі Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісі Петропавл қалалық ПБ анықтау бөлімінің бастығы Үмітбек Фархадовқа, Петропавл полициясының аға анықтаушылары Алина Омарова мен Жәмила Сапарғалиеваға ІІМ грамотасы мен Алғыс хаты табысталды. Есіл аудандық полициясының анықтаушысы Ақбала Тендіковаға «Қазақстан полициясына 30 жыл» медалі табысталды. Тайынша аудандық полиция бөлімінің анықтаушысы Еламан Ермековке «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалі берілді.
Естеріңізге салсақ, 6 қыркүйекте анықтау органдары қызметкерлері күні аталып өтілді. Бұл қызмет 1991 жылы құрылған.
– Облыстағы қылмыстық іс жүргізудің басым бөлігін анықтау қызметкерлері атқарады. Олардың жұмысының әр бағыты үлкен көлемдегі нақты білімді, қажырлы еңбек пен зейінді, жоғары жауапкершілікті талап етеді, – деді СҚО ПД бастығының орынбасары Еңбек Сембин.