Күзгі жиын-терім жұмыстары кешеуілдеп жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста жауын-шашынның салдарынан егін орағы шамамен бір аптаға кешеуілдеп жатыр. Әзірге дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың тек 27 пайызы ғана жиналды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, тамыз айында 51,9 мм. мөлшерінде жауын жауған. Бұл әдеттегі нормадан 108 пайызға артық. Жоғары ылғалдылық диқандарға піскен астықты жинап алуды қиындатып отыр.  Салдарынан 30 тамыздан бастап 6 қыркүйекке дейін егін орағы уақытша тоқтатылды. Жауын-шашын басылғаннан кейін өңір диқандары алқап басына шыққанымен, облыста ауа райы тұрақсыз. «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәліметінше, өңірде алдағы күндері тағы да жауын жаумақ.

— Қазіргі уақытта облысымыздағы  919,1 мың гектар  дәнді және дәнді-бұршақты алқаптың астығы қамбаға құйылды. Жалпы биыл 3,2 млн. алқапқа дәнді, 960 мың гектар жерге  майлы дақылдар егілген, — делінген басқарма берген хабарламада.

Күзгі дала жұмыстарына 13 мың техника жұмылдырылған. Егін орағына 58,9 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.

Өңірде 317 астық кептіргіш бар, олардың өнімділігі сағатына 9,7 мың тонна. Жауын-шашынға байланысты қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігінде өңірлерге арзан бағамен қосымша дизель отынын бөлу мәселесі қарастырылып жатыр. Жанар-жағармай бидайды кептіруге пайдаланылмақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz