Александр Винокуров «VinFast IRONMAN 2023» жарысында топ жарды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
«VinFast IRONMAN 2023» әлем чемпионаты алғаш рет Францияның Ницца қаласында өтті. Жарыста ардагер спортшылар санатында алтын медальді аты аңызға айналған қазақстандық велошабандоз және «Astana Qazaqstan Team» клубының бас менеджері Александр Винокуров жеңіп алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Дүние жүзіндегі үздік триатлоншылар 140,6 мильдік квестте бақ сынау Францияға үшін жиналды.

— Мен мүмкіндігінше дайындалдым, жарыстарға және басқа да іссапарларға уақыт табуға тырыстым, таңертең ерте дайындалдым. Жақында Глазгода мен өз жас санатымда велоспорттан әлем чемпионатында жеңіске жеттім, енді Ironman-дағы екінші жеңісім. Ниццада маршрут бұрыннан таныс болатын, мен оны Тур де Франсқа дейін ертеректе жүріп өткенмін, сондықтан маған жеңілірек болды. Жалпы, мен әлем чемпионатында елімнің қоржынына тағы бір алтын салғаныма өте қуаныштымын және бұл жеңісті туған күнім, 50 жылдық мерейтойым қарсаңында барша қазақстандықтарға, әсіресе ата-анама арнағым келеді, — деді Александр Винокуров.

49 жастағы Александр Винокуров – аты аңызға айналған қазақстандық велошабандоз, қазір «Astana Qazaqstan Team» велоклубының бас менеджері. 16 қыркүйекте 50 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ол өзінің мансабында 2006 жылы Испанияның Вуэльтасының жеңімпазы және топтық жарыста 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, сондай-ақ UCI демеушілігімен өткен түрлі беделді веложарыстардың жеңімпазы болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz