Әдеп жөніндегі кеңесте Ақжар аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арыстан Әбілдинов лауазымына сай емес шешім қабылдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Белгілі болғандай, қыста 30 шақырым жолды қардан тазарту үшін ТҮКШ бөлімі мен “Болашақ” жеке кәсіпкерлігі арасында 1,6 млн. теңгеге шарт жасалды. Сол келісім аясында кәсіпкер өзіне жүктелген істі толық атқарды. Ақпан мен наурыз айларында бөлім бұл кәсіпкермен қайта келісімшарт орнатуды шешіп, бизнесменге 3,6 млн. теңге көлемінде қаражат бөлді. Мұны Әдеп жөніндегі кеңес бұзушылық деп танып, бөлім басшысы лауазымына сай емес деп ескерту берілді.
– Бұл жол 4 ауылды байланыстырады. Елді мекендерде 2 мыңнан астам адам тұрады. Біз осындай қадамға баруға мәжбүр болдық. Себебі, қыстыгүні жолды қардан тазарту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің міндет. Әдеп жөніндегі кеңес мәселені қарап, шешім шығарды, — дейді Арыстан Әбілдинов.