СҚО-ның 49 мектебі күрделі жөндеуден өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл облыста «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге 4,3 млрд. теңге бағытталды. Нәтижесінде 49 білім беру нысаны қалыпқа келтірілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.  

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Жамбыл ауданының екі бірдей мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары істелінді. Оның  бірі – Троицк ауылындағы орта білім ордасы.

– Мектеп осыдан 18 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен болатын. Биыл мемлекеттік бағдарламаның арқасында білім ошағымыз жаңартылды. Бұл мақсатқа 122 млн. теңге бөлінді, — Троицк орта мектебінің директоры Алма Мухина.

Бұдан бөлек, Украин орта мектебі де жөнделді. Ел қазынасынан қарастырылған 85 млн. теңгеге оқу нысанының шатыры мен 144 терезесі ауыстырылды.

Биыл Жамбыл ауданында 29 мектептің 6-уына 70 млн. теңгеге қажетті жиһаз сатып алынды. Бұл қаражат облыстық бюджеттен бөлінген болатын.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz