Байрақты бәсекеде қанжығаларын майлады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қыркүйектің 7-сі мен 12-сі күндері аралығында Өзбекстанның Хива қаласында гір спортынан әлем чемпионаты мен әлем кубогы өтті. Жарыста ел намысын солтүстікқазақстандықтар қорғады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Гір спортынан өткен халықаралалық додада ұлттық құрама сапында Уәлиханов ауданының спортшылары өнер көрсетті. Аудандық балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің өкілдері намысты қолдан бермей, екі жүлделі орынға ие болды.
Әлем кубогы үшін сында жасөспірімдер арасында «U-23» санатындағыларда Бекежан Мейрам екінші орынды қанжығасына байлады.  Ал  әлем біріншілігіндегі «U-16» санатында Шыңғыс Мұсайбек қола жүлдені місе тұтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz