Бір түнде мас күйде жүрген 54 тұрғын жауапкершілікке тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавл полицейлері бір түннің ішінде мас күйде болған 54 тұрғынды жауапкершілікке тарты,  деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздікті күшейту, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарды. Оған учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмылдырылды. Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың басым бөлігі мас күйде жасалады. Сәйкесінше, тәртіп сақшыларының жүргізген жұмыстары да қоғамдық орындарда мас күйде жүретін тұлғаларды анықтауға бағытталған.

Медициналық куәландырудан өткізу үшін облыстық наркологиялық орталыққа бір түнде мас күйдегі 54 қала тұрғыны жеткізілді. Куәландыру нәтижелеріне сәйкес, оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша хаттамалар толтырылды.

– Ювеналдық полиция қызметкерлері түнгі уақытта ойын клубтарының бірінде жүрген жасөспірімді анықтады. Сондай-ақ қаланың көшесінде мас жүргізуші тоқтатылды. Бұдан бөлек, учаскелік полиция инспекторлары шартты-мерзімінен бұрын босатылған тұлғаларды мекенжайлары бойынша тексерді, қаладағы жатақханаларға да бас сұқты. Әкімшілік заңнаманы бұзу қоғамға қауіп тудыруы мүмкін, сондықтан бұл сала үнемі полиция қызметкерлерінің ерекше назарында, – дейді Петропавл қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz