Көлікті масаң күйде жүргізген 31 өңір тұрғыны жауапқа тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да көлікті масаң күйде басқарған 31 жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Айыртау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері «Niva» автокөлігін тізгіндеген 29 жастағы ауылдықты тоқтатты. Белгілі болғандай, теміртұлпарды көлік жүргізушісі масаң күйде жүргізген. Мұны медициналық куәландыру нәтижесі де көрсетті.

Жүргізуші есірткілік масаң күйде көлік тізгініне отырған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша материал жиналды. Баптың санкциясы 15 тәулікке қамаққа алуды және көлік басқару құқығынан 7 жылға айыруды көздейді.

– Аталған факті “Мас жүргізуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталды. Іс-шара биыл жетінші рет өткізіліп отыр. 8 айда 15 жол-көлік оқиғасы орын алды, 4 адам көз жұмып, 23 адам жарақаттар алды. Осындай фактілердің жолын кесу – патрульдік полицияның жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

6 күннің ішінде облыс жолдарында 2 мыңнан астам түрлі бұзушылықтар анықталды. Олардың арасында апаттылыққа тікелей әсер ететін өрескел бұзушылықтар да бар. Жүргізушілердің көлікті масаң күйде басқаруының 31 фактісі анықталды. 209 жүргізуші жылдамдықты арттырып, 169 жүргізуші көлік басқарып келе жатып ұялы телефонды пайдаланған, 285 жүргізуші қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz