СҚО-да полиция қызметкерлері 8 интернет-алаяқтықты анықтады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күреске бағытталған «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Криминалдық полиция бөліністерінің қызметкерлері үш күн бойы ұйымдар мен адамдар көп жиналатын орындарда жадынамалар таратып, желілік алаяқтардың негізгі айла-тәсілдері туралы айтты.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары алаяқтар жиі пайдаланатын әлеуметтік желілерге мониторингті күшейтті.

Полицейлердің айтуынша, кибералаяқтарға алданып қалған адамдардың кейбірі полицияға жүгінбейді екен.
Облыс тұрғындарымен сөйлесу кезінде және әлеуметтік желілердегі комментарийлерді тексере келе осындай 8 факті анықталған. Олардың барлығы интернеттегі хабарландырулар арқылы тауарлар сатып алу кезінде алдын ала төлем жасаумен немесе бөгде біреудің атына шағын несие ресімдеумен байланысты фактілер.

— Басқа біреудің атына шағын несие ресімдеу – көбінесе жәбірленушінің жақындарының қатысуымен жасалады. Шағын несие ұйымдарының қызметтерін пайдаланбайтын егде жастағы адамдар бет-әлпет арқылы фото-видео растау қажет екенін білмегендіктен жиі зардап шегеді. Қаскөйлер олардың жақындарының аңқаулығын пайдаланып, әр нәрсені сылтау етіп, оларды фотоға түсіреді, несиелер ресімдейді. Егер сіздерге өзіңіз алмаған әлдебір қарызды төлеуді талап ете бастаса, бірден полицияға жүгініңіз. Бұл туралы үйдегі қарияларға да ескертіңіздер, – дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.

Егер интернеттегі хабарландыру үшін алдын ала төлем талап етіп, сан соқтырып кетсе де полицияға жүгіну қажет. Мұндай қылмыс жиі ашылатын қылмыстарға жатады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz