Петропавлда аялдама павильондарының шынысын сындыру фактілері жиіледі. Жыл басынан бері мұндай 13 дерек тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, өткен жылы осындай 30 жағдайы анықталса, биыл жыл басынан бері 13 факті тіркелді. Тек біреуі бойынша кінәлі азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Кінәлі азаматтар анықталмаған жағдайда аялдама павильондары жергілікті бюджет есебінен жөнделеді. Бүгіндері аялдамалардың 50 пайызы қалпына келтірілді. Бұзақылар келтірген залал мөлшері 1 жарым млн. теңгені құрады, — дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.