Қызылжарда театрлардың ХХІХ республикалық фестивалі өтеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қазанның 9-ы мен 15-сі күндері аралығында Петропавлда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан драма театрларының ХХІХ республикалық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ауқымды рухани шараның өз деңгейінде ұйымдастырылуына  Мәдениет және ақпарат министрлігі мен облыстық әкімдік ұйытқы болмақ. Бұл жайында Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

— Жоспарланып отырған фестивальдің басты мақсаты Темірбек Жүргеновтің шығармашылық мұрасын насихаттау және оның есімін ел есінде мәңгі қалдыру.  Ардақты тұлғаның тарихта алар орны ерекше. Ол бар ғұмырын оқу-ағарту, мәдениет және әдебиет саласының өркендеуіне арнады. Мәдени шара аясында алаштың ардақты тұлғасының ғұмырдариясы жан-жақты сараланады, сахнада жүрген талантты әртістердің еңбектері еленеді, — деді Досбол Нұржанұлы.

Іс-шара аясында облысымызға есімдері елімізге белгілі  Асанәлі Әшімов, Досхан Жолжақсынов, Лидия Кәденова сынды өнер майталмандары келеді деп жоспарланып отыр. Бір аптаға созылатын фестивальда республикамыздың 10-нан астам үздік театры, 250-ге жуық актер өнер көрсетпек.

Фестиваль барысында қазақ халқына бүкіл бітім-болмысымен адал қызмет еткен тұлғаны дәріптеу ісіне ерекше маңыз беріледі. Темірбек Жүргеновтің өмірінен  сыр шертетін қойылымдар сахналанады деп күтілуде.

 — Бұл өнер додасына жергілікті театрлар қатыстырылмайды. Біз осылай деп шештік. Неге десеңіздер, шыны керек, елімізде фестиваль қай облыста өтеді сол өңірдің театрына бір жүлде беру дәстүрге айналған. Осы стеоратипті бұзғымыз келеді.  Қазақ өнеріне қиянат жасалмаса дейміз.  Фестивальдың шынайы, әділ өткенін қалаймыз. Қолға алынғалы отырған  ауқымды жобаның ерекшелігі де осында, — деді Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ-сазды драма театрының директоры Біржан Жалғасбаев.

Спектакльдер облыс орталығындағы театрларда сахналанатын болады. Фестивальдің шымылдығы Түркістан облыстық  музыкалық драма театрдың ұжымы әзірлеген  «Мағжан» қойылымымен түріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz