Бескөлдегі мектепте робототехника кабинеті ашылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы «Парасат» мектеп-лицейінде STEМ зертхана ашылды. Онда оқушылар инженерия саласымен танысып, робот құрастырудың қыр-сырын үйренетін болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

Зертхана толықтай заманауи технологиялармен жабдықталған, арнайы көзілдіріктер, конструктор мен роботтар тапсырыспен алынған.  Заманауи кабинетті жабдықтауға жұмсалған 21 млн. теңге –  «Үздік білім беру ұйымы» байқауында жеңімпаз атанған үшін бөлінген қаражат.

Қазіргі таңда оқушылар сабақтан тыс уақытта зертханаға келіп,  қабілеттерін ұштап, білімдерін жетілдіріп жүр.  «Парасат» мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі  Жандос Манқошевтың айтуынша,  жаңа технологияларды игеруге икемі бар балалардың қатары күн санап артып келе жатыр.

–Зертханада бастауыш сынып оқушылары да оқиды. Олар үшін «Қызықты математика», «Физика әлемі» деген сабақтар бар. Кабинетті жабдықтау мақсатында жаңа жиһаз, стендтар  алынды. Үлкен интерпанель бар.  Алдағы уақытта 3D принтермен де жұмыс  істейтін боламыз, – дейді Жандос Манқошев.

Парасат» мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы Темірхан сыныптасымен бірігіп робот құрастырғанды  ұнататынын айтты.  Олар  түрлі роботтарды құрастырып, қолдары жаттыққан кезде  жарыстарға қатысуды жоспарлап  жүр.

Робототехника негізгі сабақ кестесіне енгізілмеген. Балалар бұл кабинетке арнайы кесте бойынша келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz