Қыркүйектің 14-і мен 15-сі күндері аралығында Павлов көшесі жөндеуге жабылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Павлов көшесінде суағарлар желісі жөнделеді. Жұмыс 2 күнге созылады.
— Құрметті қала тұрғындары! Қыркүйектің 14-і мен 15-сі күндері Павлов көшесіндегі суағарлар желісі жөнделеді. Сондықтан Павлов пен Интернационал көшелері қиылысындағы жол учаскесі жабылады. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз, — делінген қалалық әкімдік таратқан хабарламада.