Қазақстанда қылмыс деңгейі 15,2%-ға төмендеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметтеріне сілтеме жасап.
Нақтырақ айтқанда аса ауыр қылмыстар 4,1%-ға (1 693 — 1 624), ауыр қылмыстар 16,5%- ға (31 128 — 25 990), ауырлығы орташа қылмыстар 17,9%-ға (49 762 — 40 857), онша ауыр емес қылмыстар 9,8%-ға (17 514 — 15 793) қысқарған.
Тергеуді қадағалау шеңберінде прокурорлар 57 адамға қатысты негізсіз қылмыстық қудалауды тоқтатқан. 671 адам прокурорлармен қызметтік үй-жайлар мен изоляторлардан босатылды. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу әрекеттерінің саны саны 14%-ға қысқарды. 9 тұлға прокурорлар актісімен ақталды.