Петропавлда темекі шеккендер жазаланды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін 274 петропавлдық азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері Петропавлда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабы бойынша 274 адам жауапкершілікке тартылды. Өткен жылдың осы кезеңінде осындай 299 бұзушылық анықталған болатын.

Полицейлер заңнамамен темекі өнімдерін, темекіні жылытуға арналған жүйелерді және бірқатар қоғамдық орындарда электрондық жүйелерін тұтынуға, пайдалануға тыйым салынғандығы жайында еске салады. Оларға білім беру ұйымдарының үй-жайлары мен іргелес аумақтары, медициналық мекемелер, мемлекеттік ұйымдар, қоғамдық тамақтану орындары, спорттық-мәдени объектілер, түнгі клубтар, көппәтерлі үйлердің кіреберістері жатады. Қоғамдық көлікте, егер де жеке көліктің салоны ішінде кәмелетке толмаған балалар болса, темекі шегуге болмайды.

Темекі шегу, сондай-ақ вокзал ғимараттары мен жабық аялдамаларда, өрт қаупімен байланысты жанармай құю станцияларының аумағында тыйым салынады.

– Тәжірибе көрсетіп отырғандай, облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары подъездерде, жанармай құю станцияларында және стадиондарда темекі шегуге тыйым салу ережелерін жиі бұзады. Полиция қызметкерлері мұндай фактілерді адамдармен күнделікті жұмыс барысында, бейнебақылау камералары арқылы, кейде тұрғындардың хабарлауы бойынша анықтап жатады. Айта ету керек, көбіне темекі шегушілер қоқыс шәшіктерін елемей, мәдени деңгейдің төмендігін көрсетеді. Жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 956 адам жауапқа тартылды. Олардың басым бөлігі көшелерге темекі тұқылын лақтырып кетеді. Сондықтан барша тұрғындардан заңнаманың талаптарын сақтауды және айналасындағыларға қарапайым құрмет көрсетуді сұраймыз, – дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Айдын Ахмагамбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz